Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Қар мен жаңбыр жауып, боран соғып жел күшейеді.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Kazlenta.kz

«Қазгидромет» РМК 25-27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Республиканың басым бөлігі оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың билігінде болады. Солтүстік өңірлерде қар жауып, оңтүстік өңірлерде ылғалды қар мен жаңбыр жауып, боран соғып жел күшейеді.

«Еліміздің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда қалың қар, көктайғақ болып, тұман түседі.  Республиканың батысында ашық, аязды ауа райы сақталады», – делінген хабарламада.

Ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 8-13-ке дейін, таулы аудандарда 18-23 аяз, күндіз 2-7-ге дейін, таулы аудандарда 10-15 аяз болады.