Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуіне қатысты қауесетке нүкте қойды

Ол жұбайымен ажыраспағанын айтты.

Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуіне қатысты қауесетке нүкте қойды
ашық дереккөз
1634

Белгілі актриса Жұлдызай Дүйсенбиева жуырда отбасына қатысты тараған қауесет туралы пікір білдірді. Бұл туралы өнер иесі «Қызықты weekend» бағдарламасында айтып берді.

«Өзі көп көріне бермейді. Екіншіден, жолдасым Шымкент жаққа жұмысқа кетіп еді. Содан қауесет шығып кетті. Ол - ерігіп немесе ажырата алмай отырған адамдардың әңгімесі. Ажырасқан жоқпыз. Қызым отыр ғой. Аянат үшін деп бірге өмір сүре алмаймыз. Біз бір-бірімізге керекпіз. Ештеңе мәңгі емес. Сондықтан мен барлық нәрсеге дайынмын. Өзіме еш нәрсеге өкпелемеуге уәде бергенмін. Ол жұмыста. Мен әлеуметтік желіге «Міне, күйеуім Сарыағашта жұмыс істеп жатыр» деп салмаймын. Мен біреуге дәлелдеу үшін өмір сүрмеймін. Айтса, айта берсін. Мейлі, қырық күн айтар, төрт күн айтар. Маған жұрттың әңгімесі қызық емес.

Жұбайым отбасында алты ағайынның ішінде үлкені. Отбасында үш ұл, үш қыз. Сарыағаштың тумасы. Бірақ мектепті бітіргеннен кейін, осы Алматы қаласында тұрды. Геодезист мамандығын бітірген», - деді актриса.

Серіктес жаңалықтары