Қазақстанда теле-радио хабар тарату уақытша тоқтатылады

24 қаңтар күні теледидар мен радио жұмыс істемейді.

Қазақстанда теле-радио хабар тарату уақытша тоқтатылады
ortcom.kz

Қазақстанда 24 қаңтар күні теледидар мен радио жұмыс істемейді. Бұл туралы turkystan.kz.

«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

«Осыған байланысты,  24 қаңтарда сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қ. уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін мәлімдейміз», – делінген хабарламада.