Астанада QR код көмегімен автобустың нақты келу уақытын көруге болады

Аялдамаларда QR коды бар арнайы жапсырмалар орналастырылады.

Астанада QR код көмегімен автобустың нақты келу уақытын көруге болады
mvideo.ru

Астанада жолақысын электронды төлеу және диспетчерлеу жүйесін жаңғырту аясында аялдамаларды цифрландыру жұмыстары басталды, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Енді аялдамаларда QR коды бар арнайы жапсырмалар орналастырылады. Оларды сканерлеу арқылы бағдарлардың нақты келу уақытын көруге болады.

«Ол үшін «Avtobys» мобильді қосымшасын Google Play, App Store немесе AppGallery-ден жүктеп алу қажет. Қолданбаның басты бетінде QR белгісін басып, аялдамадағы QR кодты сканерлеу керек. Содан кейін қосымшада аялдамадан өтетін маршруттар және олардың болжамды келу уақыты көрсетіледі», – делінген хабарламада.

Бүгінде QR кодтары бар жапсырмалар 225 аялдамаға орналастырылды. QR коды бар сызбаларды орналастыру бойынша жұмыс әлі де жалғасады.