Бүгін Алматы мектептері мен колледждерінде сабақ болмайды

Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасы мәлім етті.

Бүгін Алматы мектептері мен колледждерінде сабақ болмайды
Ашық дереккөз

Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде бірінші ауысымдағы сабақтар болмайды.

«Қала мектептері мен колледждерінде түні бойы халықты қабылдау пункттері жұмыс істеуіне байланысты, 23 қаңтар күні Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде 1-ауысымдағы сабақтар болмайды. Балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді, балаларды әкелу - ата-аналардың қалауы бойынша», - деп хабарламада.

Еске салайық, түнде Алматыда 5 балл деңгейінде жер сілкінді.