Рахмонов UFC рейтингіндегі жалғыз көшбасшы атағынан айырылды

Шавкат Рахмонов жеңілмейтін спортшы рейтингі көшбасшысынан түсіп қалды

Рахмонов UFC рейтингіндегі жалғыз көшбасшы атағынан айырылды
Ашық дереккөз

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов (18-0) енді америкалық промоушеннің жеңілмеген үздік жауынгерлері рейтингін жалғыз бастап тұрмайды. Ең жеңіл салмақтағы ресейлік Мовсар Евлоевпен (18-0) жекпе-жектен кейін бұл тізімнің басына Евлоев те енді, деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Енді жеңіліс көрмеген ең мықты UFC файтерлерінің тізімін 29 жастағы Рахмонов пен Евлоев бастап тұр. Екеуі де кәсіпқой жекпе-жекте – 18-0. UFC демеушілігімен Шавкат 6, ал Мовсар 8 жеңіске жеткен. Дегенмен Шавкат бұл додалардың бәрінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Ал Евлоев тек төрешілер шешімімен қол жеткізген.

Бұл рейтингтегі үшінші орында тағы бір қазақстандық – жеңіл салмақта өнер көрсететін Азат Мақсұм (17-0) тұр. Ол екі аптадан кейін, 4 ақпанда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) Чарльз Джонсонмен (13-6) жұдырықтасады.

Сонымен қатар үздік бестікке ресейлік Умар Нурмагомедов (16-0) пен эквадорлық Майкл Моралес (16-0) енді.