Шетелдіктер асырап алған Жәнібектің анасы табылды

Оның туыстары анықталыпты

Шетелдіктер асырап алған Жәнібектің анасы табылды
Видеодан алынған кадр

Танымал тележүргізуші Қымбат Досжан бельгиялықтар асырап алған Жәнібек есімді баламен аттас тағы бір баланың табылғанын мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның туыстары анықталыпты.

"Арқалықтан Бельгияға кеткен асыранды балалар ішінде Жәнібек есімді тағы бір баланың болғаны анықталды. Екінші Жәнібектің туған анасы, нағашылары табылды, бүгін ДНҚ анализ тапсырды. Шақшақ Жәнібектің құрметіне аталып, туған жер мен анасынан, діні мен тілінен жырақтап кеткен Жәнібектер…", – деп жазды ол.