Сомалиде аштықтан екі күнде 110 адам қайтыс болды

Сомалиде аштықтан екі күнде 110 адам қайтыс болды

Сомалиде аштықтан екі күнде 110 адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
186
Сомалиде соңғы екі тәулікте 110 адам аштықтан қайтыс болды. Олардың барлығы Бай ауданының тұрғындары, деп хабарлады Associated Press агенттігі. Ел билігі құрғақшылыққа байланысты 28 ақпанда төтенше жағдай жариялаған болатын. Қазір 6 миллионнан астам тұрғын шұғыл гуманитарлық көмекке мұқтаж болып отыр. Мұндай жағдайдың орнауына «Аш-Шабаб» лаңкестік ұйымын айыптап отыр. Себебі, лаңкестердің әрекетінен гуманитарлық ұйымдар елдің кейбір өңірлеріне қатынай алмай отыр. Айта кетейік, жақында Оңтүстік Суданның бірнеше ауданында да аштық туралы жария етілген. Мұнда бүгінде 100 мың тұрғынға гуманиралық көмек қажет болып отыр. Ал БҰҰ бас хатшысы Антони Гутерриштің айтуынша, бұл елдерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 4,4 миллиард доллар қажет.

Серіктес жаңалықтары