1396
Шымкент қаласында үшем дүниеге келді
Оларға Айшах, Айлана, Айлуна есімдері берілді.
Қалалық перинаталды орталықтың дәрігерлері мерзімінен бұрын туған сәбилерді бүгін үйіне шығарды.
Оларға Айшах, Айлана, Айлуна есімдері берілді.
Үшемдердің анасы Ә.Әбдіқадіроваға мамандар кесір тілігін сәтті жасап шыққан.
35 аптада туған нәрестелер өкпесі дұрыс жетілмегендіктен жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
21 күн бойы дәрігерлер қадағалауында болған сәбилердің жағдайы жақсарып, қазір салмақ қосқан.
Айта кетейік, былтыр Шымкентте 31 337 сәби дүние есігін ашқан.
Оның ішінде ұл бала — 16146, қыз бала — 15191.