Назарбаев пен Путин Астанада Сирия дағдарысы жөнінде кезекті рет келіссөз өткізу мәселесін талқылады

ашық дереккөзі
259
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Алматыдағы соңғы кездесулерінде қарастырылған мәселелер тұрғысынан екіжақты ынтымақтастықтың мейлінше өзекті жайттарын талқылады. Мемлекеттер басшылары Владимир Путиннің таяуда Тәжікстан мен Қырғызстанға барған сапарына байланысты күн тәртібіндегі өңірлік мәселелер жөнінде пікір алмасты. Ресей Президенті жаңа ғана аяқталған Женева келіссөздері аясында сириялық оппозицияның әскери құрылымдарының Сириядағы дағдарысты реттеу мәселелеріне арналған кезекті кездесуін биылғы наурыз айының ортасында Астанада өткізуге ниетті екенін айтты.  Қазақстан Президенті мұндай келіссөздерді ұйымдастыруға дайын екенімізді мәлімдеді. Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.  

Серіктес жаңалықтары