Ұлттық құрама мергендері тағы төрт жүлдені жеңіп алды
Қазақстан 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен төртінші орында келе жатыр
Нысана көздеуден Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы 4 медаль түсті, деп хабарлады turkystan.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Винтовкамен 50 метрден жатып оқ атуда Арина Алтухова чемпион атанса (626,8 ұпай). Александра Ле қола жүлдегер атанды (618,4 ұпай). Тағы бір ұлттық құраманың спортшысы Елизавета Безрукова төртінші сатыдан көрінді (617,2). Нәтижесінде командалық сында да Қазақстан алтын жүлдені жеңіп алды. Ал тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде Никита Чирюкин 568 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Бұл екі бағдарламада Олимпиада лицензиясы сарапқа салынған жоқ.
Қазір жалпы есепте Қазақстан 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен төртінші орында келе жатыр.