Мергендер Олимпиаданың тағы 2 жолдамасын жеңіп алды

Қазір Ұлттық құрама еншісінде 5 жолдама болды

Мергендер Олимпиаданың тағы 2 жолдамасын жеңіп алды
Спортты дамыту дирекциясы
1354

Бүгін Джакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына екі жолдама жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, Александра Ле мен Никита Чирюкин Джакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болды.

Винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуде Ұлттық құрама 2-орын алды. Командалық сында Александра Ле, Елизавета Безрукова мен Арина Алтухова бақ сынады. Қазақстандық мергендер арасында ең көп ұпай жинаған (589 ұпай) Александра финалда 7-орынға тұрақтап, Ұлттық құрамаға Париж ойындарының жолдамасын сыйлады.

Ал жылдам оқ ататын тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде Никита іріктеуде 584 ұпай жинап, финалға 1-орынмен шықты. Ол біраздан кейін ақтын сында жүлдеге таласады. Соған қарамастан қазірдің өзінде Олимпиада лицензиясы оның уысында.

Қазір Ұлттық құрама еншісінде 5 жолдама болды. Оларды Ислам Сатпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле мен Никита Чирюкин жеңіп алды.

Осылайша, әзірше нысана көздеуден ел қоржынында Париж Олимпиадасының 5 жолдамасы (Ислам Сатпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле, Никита Чирюкин) бар.

Серіктес жаңалықтары