«Олимпиадаға бармаймын»: Данияр Елеусінов шулы мәселеге нүкте қойды

Бұған дейін Данияр Елеусіновтің Париж Олимпиадасына баруы мүмкін екені айтылған.

«Олимпиадаға бармаймын»: Данияр Елеусінов шулы мәселеге нүкте қойды
bassport.kz

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов өзінің Париж Олимпиадасына қатысу мүмкіндігін жоққа шығарды, деп хабарлады turkystan.kz Bassport.kz сайтына сілтеме жасап.

«Уақыт тығыз. Олимпиадаға баруға ұсыныс болды, бірақ мен бірден бас тарттым. Жылдар бойы дайындалған жігіттер барсын. Ал мен кәсіби бокстамын», - деді Данияр. 

Айта кетелік, бұған дейін Данияр Елеусіновтің Париж Олимпиадасына баруы мүмкін екені айтылған.

71 келі салмақта Италиядағы лицензиялық турнирге Асланбек Шымбергенов қатысады.