928
Қуандық Бишімбаевты күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды
Еске салайық, өткен жылдың 9 қарашасында Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты.
Астана қалалық соты бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевты 9 қаңтардан 9 наурызға дейін күзетпен ұстау туралы шешім қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
«2024 жылғы 9 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті Қуандық Бишімбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 9 наурызға дейін ұзарту санкцияланды», - деп жауап берді соттан.
Сондай-ақ елорда соты өзге мәліметтерді Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайтынын ескертті.
Еске салайық, өткен жылдың 9 қарашасында Астанадағы Бау мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды.