«Неге саған ұқсамаған?»: Қайрат Нұртастың анасы тұңғыш немересіне жазба арнады

Гүлзира Айдарбекова алғаш немерелі болғандағы сезімін айтты.

«Неге саған ұқсамаған?»: Қайрат Нұртастың анасы тұңғыш немересіне жазба арнады
ашық дереккөз
1498

Қайрат Нұртастың анасы әрі отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова тұңғыш немересі Сезім Қайратқызын туған күнімен құттықтап, желіде әсерлі жазба арнады, деп хабарлады turkystan.kz.

Гүлзира Айдарбекова алғаш немерелі болғандағы сезімін айтты.

«Сол күнгі қуанышымызда шек болған жоқ, атасы мені құшақтап аспанға жас балаша секірді. Ұйықтап жатқан Қайратқа жүгіріп барып, қуаныштан айқайлап оятқанда, Қайрат ұйқылы ояу шошып тұрды. Екеуіміз киіне сала перзентханаға зуылдап жетіп бардық. Жеткен күйде үстімізге халатты іле сала жылдамдықты күшейтіп, туфлиімнің дыбысы бүкіл бөлмеге естілетіндей күйде келемін. Түрім суық. Жұлдызға жалт қарадым, амандаспастан бөпемізге жетіп бардым да, жылдам жаялықтарын ашып жатқанымды көріп, медбикелер де келінім де аң-таң. Сондағы бар ойым 12 мүшесі сау ма, түрі кімге ұқсайды. Бәрі дұрыс, тек мен күткен қыз аппақ, көзі танадай Жұлдызға ұқсаған қыз болуы керек еді, көзі сығырайған қап-қара қыз жатыр. Бірден Жұлдызға «неге саған ұқсамаған» деп жалт қараппын», – деп жазды продюсер.

Оның айтуынша, кейін келінің құттықтап, елге сүйінші таратқан.

«Бәріне сүйінші таратып, немеремді иіскеп мәре-сәре болдық. Мен негізі өтірік күлуім қиын, бүкіл эмоциямды көрсетіп қоямын. Босанды дегенді есітіп қуаныштың көз жасы онда бар, қатты қуанғаныммен, жол бойы уайымдап қорқып барғанмын ғой, соны жасыра алмағанымды әлі күнге дейін еске алып күліп отырамыз. Қыз армандаған анамын, содан ойыншық көрсем де, киім көрсемде өтіп кетпей, үйге таси беретінді шығардым. Менің өмірімдегі ең қуанышты, жүрегімде ерекше сезім орнатқан қызыма сол себепті ойлана-ойлана Сезім деп есімін өзім қойдым. Сезімім, сезімтал қыз болып өсіп келеді. Алла бақ берсін!», – деді Гүлзира Айдарбекова.

Серіктес жаңалықтары