934
27 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарға 784 бірлік техника және 1511 адам жұмылдырылды.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 8 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 27 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысы
- «Алматы-Өскемен» 971-1013 км, Қалбалтау а.- Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін – 42 км. Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады
- «Алматы-Өскемен» 615-683 км, Жетісу облысының шекарасынан – Таскескен а. – 68 км. Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.
- «Омбы-Майқапшағай» 910-1002 км, Қалбатау ауылынан - Көкпекті ауылына дейінгі аралық.
Ақмола облысы
- «Екатеринбург-Алматы» 1292-1353 км, Жібек жолы ААП - Қарағанды обл. шек.- 61 км.
- «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 16-51 км, Қосшы қ.-Қарағанды облысы шекарасы - 35 км.
- «Астана-Петропавл» 18-234 км, Астана қ.- Щучьеқ.- 216 км.
- «Астана-Ерейментау-Шідерті» 16-159 км, Астана қ. – Ерейментау қ.- 143 км.
- «Көкшетау-Рузаевка» 0-61 км, Көкшетау қ. – Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы - 61 км.
- «Астана-Ерейментау-Шідерті» 159-200 км, Ерейментау қ. - Павлодар облысы шекарасы - 41 км.
Шығыс Қазақстан облысы
- «Өскемен-Шемонаиха-РФ шек.» 105-123 км, Шемонайха қ.- РФ шекарасы – 18 км.
- «Алматы-Өскемен» 1013-1068 км, Абай облысы шекарасы- Қасым Қайсенов ауылына дейін – 55 км.
Жетісу облысы
- «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст- Достық ст. дейін – 100 км. Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады.
- «Алматы-Өскемен» 557-615 км, Үшарал қ.- Абай обл. шек. – 58 км. Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.
Қарағанды облысы
- «Екатеринбург-Алматы» 1505-1854 км, Новостройка а.- Балқаш қ. – 349 км.
- «Қалкаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» 31-324 км, Павлодар обл. шек.- Ботақара ауылына дейін - 93 км.
- «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 17-217 км, Қарағанды қ.-Қарқаралы қ.– 200 км.
- «Қызылорда-Павлодар» 970-1135 км, Қарағанды қ. – Павлодар обл.шек. – 165 км.
- «Қызылорда-Павлодар» 788-906 км, Ұлытау обл. шек. – Топар ауылына дейін – 118 км.
- «Екатеринбург-Алматы» 1353-1426 км, Ақмола обл. шек. - Теміртау ААП - 73 км.
- «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 51-266 км, Ақмола обл. шек.-Теміртау қ.- 215 км.
- «Екатеринбург-Алматы» 1446-1459 км, Теміртау қ.- Қарағанды қ.- 13 км.
- «Екатеринбург – Алматы, Солтүстік айналма жолы» 0-16 км, Пришахтинск а.-Новостройка ауылына дейін - 16 км.
Павлодар облысы
- «Қызылорда-Павлодар» 1135-1206 км, Қарағанды обл. шек.- Шідерті а. – 71 км.
- «Қалкаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» 137-231 км, Баянауыл а.- Қарағанды обл. шек. – 94 км.
- «Астана-Ерейментау-Шідерті» 200-259 км, Ақмола обл. шек. – Шидерті ауылына дейін – 59 км.
Солтүстік Қазақстан облысы
- «Көкшетау-Рузаевка» 61-91 км, Ақмола обл. шек. – Саумалкөл ауылына дейін – 30 км.
Ұлытау облысы
- «Қызылорда-Павлодар» 756-788 км, Жаңаарқа а.- Қарағанды обл. шек. – 32 км.
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарға 784 бірлік техника және 1511 адам жұмылдырылды.