3062
Коронавирустың қайта өршуіне байланысты ДДСҰ бетперде тағуға шақырды
Коронавирус жұқтыру дерегі алдыңғы айға қарағанда 52 пайызға өскен.
Соңғы апталарда әлемнің көптеген елінде коронавирус жұқтыру оқиғалары көбейді, деп хабарлады turkystan.kz.
Qazaqstan арнасының мәліметінше, осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бетперде тағуға және ковидке қарсы екпе салуға үндеді. Бұған қоса, аталған вирусты анықтайтын тест жасау және медициналық көмекке жүгіну туралы кеңес берді.
Желтоқсанның соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем бойынша коронавирус жұқтыру дерегі оның алдындағы айға қарағанда 52 пайызға өскенін мәлімдеген еді.