Тұман, көктайғақ: 7 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады

Тұман, көктайғақ: 7 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Ашық дереккөз

Қазгидромет синоптиктері 7 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

«Жауын-шашын, көбінесе солтүстікте қарлы бұрқасын түрінде, оңтүстік-шығыста көбінесе жаңбыр жауады. Еліміздің барлық аймағында тұман, көктайғақ, екпінді жел болады деп болжануда», — делінген хабарламада.