Елімізде жемқорлардан тәркіленген қаржыға 43 мектеп салынды

Елімізде үш апатты және 13 үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді.

Елімізде жемқорлардан тәркіленген қаржыға 43 мектеп салынды
tengrinews.kz
980

2023 жылдың қорытындысы бойынша жемқорлардан тәркіленген қаражыға салынған 43 мектеп ашылды, деп хабарлады turkystan.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, елімізде үш апатты және 13 үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді.

«Өңірлерде жаңа білім беру нысандарын іске қосу нәтижесінде тағы 54,4 мың жаңа оқушы орны пайдалануға берілді. Атап айтсақ, Алматы және Түркістан облыстарында – 8 мектептен, ал елордада - 10 мектеп», – делінген хабарламада.

«Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен барлығы 76 738 оқушыға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Жобалардың жалпы сомасы 96 млрд теңгеден асты. Қаражат жергілікті атқарушы органдардың шоттарына түскен.

Жалпы, қордың қызмет ету мерзімі ішінде 150 млрд теңгеден астам қаражат түсті. Олар мектептерді, қосымша ғимараттар мен интернаттарды қайта жаңартуға, сондай-ақ үш ауысымды оқыту, апатты мектептер мәселесін шешуге және оқушы орындарының тапшылығын жоюға жұмсалды.

Серіктес жаңалықтары