Өскеменде көлік Ертіс өзеніне батып кетті

Көлік иесі көлікті қойған кезде қауіпсіздік шараларын орындамаған.

Өскеменде көлік Ертіс өзеніне батып кетті
ШҚО ТЖД

Өскемен қаласының Самал саябағы ауданында куәгерлер Ертіс өзенінде тұрған көлікті көріп қалып, құтқарушыларға хабарласқан, деп жазды turkystan.kz.

Оқиға орнынан келіп жеткен ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы қызметкерлері жаңғадан 100 метрде тұрған «Subaru Impreza» маркалы көлікті көрген.

«Сүңгуір жабдығының көмегімен құтқарушылар көліктің ішін қарап шықты, онда зардап шеккен және қаза болған ешкім болмады. Белгілі болғандай көлік иесі көлікті қойған кезде қауіпсіздік шараларын орындамаған. Сол себепті көлік Ертіске қарай сырғанап кеткен», – делінген хабарламада.