Өткен тәулікте оқыс оқиғалар орнынан 357 адам эвакуацияланды

Өткен тәулікте 357 адам, оның ішінде 39 бала құтқарылды.

Өткен тәулікте оқыс оқиғалар орнынан 357 адам эвакуацияланды
ашық дереккөз
1088

Өткен тәулікте құтқарушылар 177 мәрте шұғыл шақыртуларға жұмылдырылған, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның 82-сі өрт, 95-і іздестіру, авариялық-құтқару және тағы басқа. 357 адам, оның ішінде 39 бала құтқарылды.

Қарағанды облысында құтқарушылары қар құрсауында қалған 20 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды. Сонымен қатар ТЖМ 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен және полициямен бірлесіп блокпосттардың жабық пункттерінен жақын маңдағы елдімекендер мен жол бойындағы кемпингтерге 287 адам, оның ішінде 29 бала эвакуацияланды.

«Облыстық маңызы бар «Курчатов – Семей» автожолында көлік қозғалысының жабылуына байланысты Абай облысы ТЖД күштері 5 адам, оның ішінде 1 бала уақытша орналастыру пунктіне бірге жүріп барды. Семей қаласында ТЖД құтқарушылары Шүлбі су қоймасында автокөлікпен мұз астына түсіп кеткен 2 балықшыны құтқарды. Құтқарылғандар Семей қаласына жеткізілді», – делінген хабарламада.

Жетісу облысының Алакөл ауданында «Үшарал-Достық» автожолының 130 км Жалаңашкөл учаскесінде ТЖД күшімен қар құрсауында қалған екі жеңіл автокөліктен 3 адам құтқарылып, Достық станциясына жеткізілді.

Ақмола облысы Аршалы ауданы Түрген ауылына жақын жерде іздестіру-құтұару жұмыстары жүргізілді. Екі ер адам атпен мал іздеп шығып, жоғалып кеткен. Іздеу тобы оларды Түрген ауылынан 15 км қашықтықта тапты.

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, полиция бөлімінің, жергілікті тұрғындардың күшімен 2 қаңтарда «Бекше» қыстағынан Ынтымақ ауылына қарай шығып, жоғалып кеткен ер адамды іздеу жүргізілді. Іздеу тобы оны 3 қаңтарда «Бекше» қыстауынан 10 км қашықтықта тапты.

Сонымен қатар, Қарағанды және Ақмола облыстарында «Алматы-Екатеринбург», «Щучинск-Астана» автожолдарында автокөліктер соқтығысқан кезде 26 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды.

«ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары