Виза уақыты аяқталды – анасын іздеген бельгиялық қазақ жігіт елден ұшып кетті

Жәнібек анасын іздеуге көмектескен барша азаматқа алғыс айтты

Виза уақыты аяқталды – анасын іздеген бельгиялық қазақ жігіт елден ұшып кетті
instagram/muratsaveliev

Испаниядан анасын іздеп келген Жәнібек (Jani Eddy J Saveliev) виза уақытының аяқталуына байланысты Қазақстаннан кететінін мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz.

«Достар, менің визамның уақыты аяқталды, туған жерден кетуім керек,  бірақ мен жақында ораламын. Мен туған анамды іздеу жұмысын тоқтатпаймын. Кеше Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабарының редакциясына менің атымнан сот отырысына қатысуға,  маған қатысты кез келген мәліметке қол жеткізуге,  менің атымнан арыз, өтініш, шағым жазуға заң бойынша толық рұқсат бердім. Қазақстаным, рахмет саған, туған ел!  Ең бастысы, мен бұл сапарымда туған жерімді таптым, туған еліммен қауыштым, әр қазаққа бала, бауыр екенімді түсіндім.  Бәріңізді жақсы көремін. Амандықта жүздесейік!» - деп жазды Жәнібек Instagram парақшасында.