Астанада жаңажылдық отшашуды қай жерден тамашалауға болады?

00:00-де отшашуға дейін Қазақстанның әнұраны шырқалады.

Астанада жаңажылдық отшашуды қай жерден тамашалауға болады?
cottage.ru

Астанада Жаңа жылға арналған мерекелік отшашу демеушілер қаржысы есебінен ұйымдастырылады, де хабарлады turkystan.kz.

Сағат 00:00-де отшашуға дейін Қазақстанның әнұраны шырқалады. Кейін Ботаникалық бақ пен «Атырау» көпірінің аумағынан Әр орыннан шамамен 1 мың отшашу атылады деп жоспарланған.

«Сонымен қатар 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні қаладағы үш жерде мерекелік іс-шаралар өтеді. 31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02.00-ге дейін орталық алаңда, «Қазақ елі» монументі аумағында және ЭКСПО алаңында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Жаңа жыл түні» мерекелік концерті өтеді», – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Сондай-ақ тұрғын үй алаптарында да жаңажылға арналған мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылады.