«Енемнің сүйікті күйеу баласымын»: Мейрамбек Бесбаев отбасы туралы айтты

Әнші жұбайы Мархабат екеуі екі бала тәрбиелеп отыр.

«Енемнің сүйікті күйеу баласымын»: Мейрамбек Бесбаев отбасы туралы айтты
Фото: ашық дереккөз
2040

Әнші Мейрамбек Бесбаев «Ұйқым келмейді» бағдарламасында отбасы туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Айтуынша, отбасы құрғанына биыл 20 жыл толады.

«Мархабат мені таныған жоқ. Орысша сөйлеп, орысша тәрбиеленген екен. Үйленгеннен кейін қазақша сөйлеп, қазақы ортағы сіңіп кетті. 18 жасқа толғанын күтіп, шаңырақ көтердік. Жастық кезең ешқашан ұмытылмайды. Үйленетін күні ұшып келдім Астанадан. 2004 жыл, 8 шілде – үйленген күніміз. Ол кезде тойға үлгермей қаламын деген ой жоқ. Той-томалық, концерттерден қалмаймыз. Бір күнге бас тарту да ойға келмепті. Енем менің қызына деген сезіміме сенбеген. «Қызымның жасы 17-де, алайын деп тұрған адамы – әртіс. Тойы болатын уақытта ұшып-қонып жүр. Сенім артуға болатын дұрыс адам ба?» деп сұрапты. Қазір енемнің сүйікті күйеу баласымын. Мархабатқа да ризамын», – дейді әнші. 

Әнші жұбайы Мархабат екеуі екі бала тәрбиелеп отыр. Қызы Кәусар 16 жаста болса, ұлы Абухайыр екінші сыныпта оқиды.

 

Серіктес жаңалықтары