5891
«Қасық ұстай алмай отырмын»: Актер Жахан Отарғалиев сырқаты жайлы айтты
Өнер иесі белгісіз дертпен сыналып жатқанын жеткізді.
Танымал әзілкеш, актер Жахан Отарғалиев денсаулығы сыр беріп, түсініксіз дерт айналшықтап жүргенін айтты.
Оның айтуынша, бұл ауруына Қазақстаннан да, Қытайдан да ем таба алмаған.
Көптен бері денсаулықпен сыналып жүрмін. Соңғы айда тағы денсаулықпен проблемалар басталды. Қазақстан да Қытай да емін таба алмай жатыр. Біреулер үшін оңай көрінгенімен, менің мазамды алып жіберді. Барынша көрсетпей жүруге тырыстым. Бірақ ауру меңзеп барады. Қолдарым ісіп кеткендіктен қасық ұстай алмайтындай болып отырмын. Не үшін, қалай пайда болғанын түсіне алмай әлекпін. Осыған байланысты жұмыстарымды тоқтатып, Стамбұл қаласына жол жүріп барамын. Ауырмаңыздар, – дейді әзілкеш.