Маңғыстауда 7 ай бойы жанып жатқан ұңғыма сөндірілді

Кен орнындағы өрт 9 маусымда басталған.

Маңғыстауда 7 ай бойы жанып жатқан ұңғыма сөндірілді
Видеодан кадр

Маңғыстау облысында Оңтүстік Қаратұрын кен орнында шыққан өрт сөндірілді. Ұңғымалардың біріндегі өрт жеті айға жуық уақыт бойы сөнбеді, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бузачи Нефть» ЖШС игерген Оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы өрт 25 желтоқсанда сөндірілді.

Еске салайық, кен орнындағы өрт 9 маусымда басталған. Бұдан кейін бұрғылау құралын көтеру нәтижесінде газ-су қоспасы бөлініп, №303 ұңғымада ашық газ фонтаны пайда болғаны хабарланды.