1419
Таразда балабақша басшысы 13 млн теңге жымқырған
Қылмыс жасады деген күдікпен балабақша басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тараз қаласының прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығының мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 13 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
Жамбыл облысының прокуратурасының мәліметінше, балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған.
Осы факт бойынша 25.09.2023 жылы ҚК-нің 190-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.
Қылмыс жасады деген күдікпен балабақша басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды.