Белгілі ақын Мыңбай Рәш өмірден өтті

Ақын, сатирик, әдебиеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мыңбай Рәш қайтыс болды

Белгілі ақын Мыңбай Рәш өмірден өтті
ҚР Жазушылар одағы

Ақын, сатирик, әдебиеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мыңбай Рәш қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы хабарлады, деп жазды turkystan.kz.

Ол 1930 жылы 19 қазанда Семей облысы Шұбартау ауданының 10-ауылында дүниеге келген.

Кезінде Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітірген соң «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде, «Ара — Шмель» журналдарында бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қазақ КСР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінде, «Ғылым» баспасы мен «Қазақстан» баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып жемісті еңбек еткен.

Тұңғыш өлеңдер жинағы 1955 жылы «Алғашқы борозда» деген атпен жарыққа шықты.