«Арамызда ашылмаған сыр қалды»: Меруерт Өтекешова марқұм жары Құман Тастанбеков туралы естелік айтты

Актриса өнер мен өмірде бірге ғұмыр кешкен жарын әлі күнге дейін сағынып, іздейтінін айтады.

«Арамызда ашылмаған сыр қалды»: Меруерт Өтекешова марқұм жары Құман Тастанбеков туралы естелік айтты
Фото: YouTube
9533

Актриса Меруерт Өтекешова Ақжайық телеарнасына берген сұхбатында марқұм жары, актер Құман Тастанбековті еске алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Актриса өнер мен өмірде бірге ғұмыр кешкен жарын әлі күнге дейін сағынып, іздейтінін айтады.

«Балаларым мен туысқандарым жанымда болса да, олар ағаңа жетпейді. Бәрі жан-жақтан менің көңілімді табуға тырысады. Бірақ бәрібір жүрек Құманды іздеп тұрады. Өзіме ең жақын адамдарым бұл дүниеде жоқ. Анам 92 жасқа жетіп дүние салса да, анамды жоқтаймын. Ата-енем, әке-шешем, бауыр етім балам, туған сіңлім кетті. Бәрін сағынамын. Олардың арасынан Құманның орны бөлек еді. Мені жарынан айырылған әйел заты ғана түсінеді. Өте ерте кетіп қалды. Айтылмаған әңгіме, ашылмаған сыр қалды арамызда», – дейді Меруерт Өтекешова.

 

Серіктес жаңалықтары