Астанада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқитын болды

Бұл туралы қалалық білім басқармасы мәлім етті.

Астанада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқитын болды
gov.kz

Елордада екінші ауысымда оқитын оқушылар онлайн форматқа көшірілді.

«21 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген қалалық Білім басқармасының мәліметінде.