1506
14 жастағы боксшы шаршы алаңда алған соққыдан қайтыс болды
14 жастағы боксшы финалда қарсыласынан бірнеше соққы алған соң есінен танып қалған.
Ресейдің Свердловск қаласында қалалық округтің басты сайысында финалға іркілмей өткен 14 жастағы боксшы шаршы алаңда қайтыс болды, деп хабарлады СпортЭкспреске сілтеме жасап.
«17 желтоқсан күні 14 жастағы боксшы финалда қарсыласынан бірнеше соққы алған соң есінен танып қалған. Турнир ұйымдастырушылары жедел жәрдем қызметкерлерін шақырған. Алайда жас спортшы оқиға орнында жан тапсырған», – дейді аймақ прокуратурасы баспасөз қызметінің өкілдері.