Ауа райының күрт нашарлауына байланысты 2 облыста жол жабылды

Республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты 2 облыста жол жабылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
854

Ауа температурасының төмендеуі мен жауын-шашынға және боранға байланысты еліміздің 2 облысында жол жабылды, деп хабарлады  turkystan.kz.

Республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Қазавтожол мәліметінше, жол шектеулері Жамбыл облысы мен Жетісу облысында енгізілген.

Жамбыл облысында шектеу «Алматы-Ташкент-Термез» автожолы және Жаңа Қордай асуының 95 шақырымында енгізілген. Ал Жетісу облысында шектеу бір участкеде, яғни, «Үшарал-Достық» Көктұма стансасында және Достық стансасының 100 шақырымында енгізілген.

Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады. Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 288 техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары