Хоккейден жастар арасындағы ӘЧ-2024: Қазақстан құрамасы Францияны жеңді

Ойын барысында бірінші болып Дәулет Нұркенов шайба соқты, екінші таймда Егор Смольянинов көзге түсті.

Хоккейден жастар арасындағы ӘЧ-2024: Қазақстан құрамасы Францияны жеңді
Фото: sports.kz

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы А тобында өнер көрсетіп, Францияға қарсы матч өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Sports.kz-тің жазуынша, екі команданың қоржынында екі жеңістен болды. Дегенмен француздар қосымша көрсеткіш бойынша бірінші орында тұрды.

Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен ойыншылар:

Никитин (Шестаков) — Бреус Хан, Оспанов-Логвин-Ермак; Авдеенко-Оразов, Ким-Бейсембаев-Нұркенов; Шақшақбаев-Решетько, Ляпунов-Симонов-Смольянинов; Шипилин-Русланұлы, Ситников-Мигунов-Гросс.

Ойын барысында бірінші болып Дәулет Нұркенов шайба соқты, екінші таймда Егор Смольянинов көзге түсті. Соңғы шешуші 20 минут барысында Нұркенов дубль тіркеді, ал қорытынды шайбаны Александр Ким соқты — 4:0 (1:0, 1:0, 2:0).

Осылайша, Қазақстан әлем чемпионатындағы үшінші матчта да жеңіске жетті, келесі ойын ертең сағат 17:30-да Жапония құрамасына қарсы өтеді.