Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжат қабылдау басталды

Грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады.

Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжат қабылдау басталды
ussurmedia.ru

Бүгін магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттар қабылдау басталды, деп хабарлады turkystan.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында ЖЖОКББҰ арқылы жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады. 

Грант конкурсына қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды тапсыру қажет: жеке куәліктің көшірмесі; жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы); КТ сертификаты; халықаралық сертификаттар (бар болған кезде).

Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады. Оның ішінде «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» даярлау бағытына 1758 грант, Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға» 569 грант, «Педагогикалық ғылымдарға» 469 грант,  «Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға» 461 грант бөлінген.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.