«Жеке хабарластық»: Ағайынды Жүгінісовтер композитор Мархаба Сәбиге жауап берді

Мирас Жүгінісовке композитордан кешірім сұрағанын жазып, жағдайды түсіндірді.

«Жеке хабарластық»: Ағайынды Жүгінісовтер композитор Мархаба Сәбиге жауап берді
Ашық дереккөз
1732

Танымал әнші, сазгер Мархаба Сәби ағайынды Жүгінісовтерге, оның ішінде, Мирас Жүгінісовке өкпелі екенін айтқан болатын. Мирас композитордан кешірім сұрағанын жазып, жағдайдың мән-жайын түсіндірді. 

«Негізі, барлық жерде Мархаба ханымның автор екені көрсетілген. Менің сұхбаттарымды көрген адамдар біледі, мен барлық жерде Мура досымның әнін жазатынын, Мархаба ханымның сөзін жазатынын және сөздері бөлек екенін айтып жүремін. Қазақстан дауысында Мұхаммедәлі редакторларға қазіргі автордың атын қателікпен жазып жіберіпті. Ол үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Жеке де хабарласып, кешірімін алдық» деп жазды әнші. 

Әншінің інісі Мұхаммедәлі де жеке парақшасына жазба жариялап, «қателік менен» деп ақталды.

«Инстаграмды ашып қалсам, Мархаба әпкенің жазбасын көрдім. Бұл - менің қателігім. Ешқандай да Мирас ағам мен оның командасының қатысы жоқ. «Қазақстан дауысы» жобасында Мирас ағамның «Уақыт» әнін айтып едім, авторын Саят Рақымжанов деп жазып жіберіппін. Ол кісі де ағамның біраз әндерінің авторы болатын. Мархаба әпкеге хабарласып, қателігім үшін кешірім сұрадым. Бізде бәрі жақсы. Уайымдамаңыздар», – деді Мұхаммедәлі. 

Серіктес жаңалықтары