Семей тұрғыны достарының атына 39 млн теңге несие рәсімдеген

39 млн теңгені құмар ойынға жұмсаған.

Семей тұрғыны достарының атына 39 млн теңге несие рәсімдеген
azh.kz

Семейлік тұрғын достарының атына 39 млн теңге несие рәсімдеген, аталған қаражатты құмар ойынға жұмсайтыны анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, семейлік азамат таныстарынан элиталық компанияға жұмысқа орналасуға көмектесуін сұрап, жұмысқа орналасқаннан кейін олардың атына берілген несиелерді өтеуге уәде берген.

«Облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны өзінің таныстарынан оған бұрын жақсы нәтиже көрсеткен спорттық ұйымға қайта оралу үшін материалдық көмек сұраған. Таныстары алаяққа сеніп, өздерінің атына несие алып береді. Алайда кейінірек ер адам достарының ақшасын құмар ойынға жұмсайтыны анықталды. Жәбірленушілер өздерінің таныстарының тәуелділігі туралы біліп, алданғандарын түсінген», - делінген хабарламада.

Полицияға 19 адам жүгінді. Барлық фактілер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Күдікті ешқайда кетпеу туралы жазылымда, келтірілген залал 39 миллион теңге. ҚР ҚПК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.