Павлодар облысында антитеррористік оқу-жаттығулар өтіп жатыр

Жоспарлы антитеррористтік оқу-жаттығу өтуде.

Павлодар облысында антитеррористік оқу-жаттығулар өтіп жатыр
pixabay.com

Бұл терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың күштері мен құралдарының дайындығын тексеру мақсатында ұйымдастырылуда, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірде бүгін, 11 желтоқсан күні  ҚР Антитеррорлық орталығының үйлестіруімен терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррористтік оқу-жаттығу өтуде. 

«Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деді облыстық терроризмге қарсы штабынында.