1145
Brexit-тен кейінгі қаржы реформалары сәтсіз аяқталды – Ұлыбританияның парламент комитеті
Бұл тұжырым ел қазынашылығының арнайы комитеті жариялаған есепте жазылған.
Ұлыбританияның қаржы министрлігі Brexit-тен кейін елдің қаржы секторын бәсекеге қабілетті етуге уәде берген болатын. Бір жылдан кейін депутаттар бұл уәде орындалмады деп мәлімдеді. Бұл туралы euronews.com жазды.
Ұлыбритания канцлері Джереми Ханттың 2022 жылдың аяғында енгізген "Эдинбург реформалары" осы уақытқа дейін елдің қаржы орталығын жаһандық инвесторлар үшін тартымды ете алмады. Бұл тұжырым ел қазынашылығының арнайы комитеті жариялаған есепте жазылған.
Реформаларды ұсына отырып, Хант Ұлыбританияны реттеудің жоғары стандарттарын қолдайтынын мәлімдеген болатын, өйткені Ұлыбританияның банк ережелерін енді Еуроодақ анықтамайды.