Бүгін Астанада екінші ауысымдағы оқушылар да қашықтан оқиды

0-9 сынып оқушылары үшін сабақ онлайн форматқа ауыстырылды.

Бүгін Астанада екінші ауысымдағы оқушылар да қашықтан оқиды
elements.envato.com

Астанада күннің суытуына байланысты екінші ауысымдағы мектеп оқушылары сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлады turkystan.kz. 

«2023 жылғы 11 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстыралады» делінген Астана қаласы әкімдігі Білім беру басқармасының хабарламасында.