Әйел денсаулығының жақсы болуы – ұрпақ амандығы, ұлт саулығы – министр

«Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы 6 мыңға жуық бала дүниеге келді

Әйел денсаулығының жақсы болуы – ұрпақ амандығы, ұлт саулығы – министр
1064

«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының I отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында министрлік «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын жүзеге асыру жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті.

«Үш жылда 21 000 әйелге экстракорпоралдық ұрықтандыру қызметі ұсынылды. Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде 8000-нан астам әйел жүкті болып, 5000 отбасында көптен күткен 6000-нан астам бала дүниеге келді. «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде жыл сайын 7 мың квота бөлу көзделген», – деді ол.

Ведомство басшысының айтуынша, 3 жылда елімізде бас-аяғы 1,5 млн-ға жуық сәбиді дүниеге келді. Жалпы, елімізде 6 млн-нан астам бала мен босану жасындағы 4 млн-нан астам әйел бар.

«Әйел денсаулығының жақсы болуы – ұрпақ амандығы, ұлт саулығы, мемлекетіміздің баянды, жарқын болашағы. Кейінгі 6 жылда елімізде босану көрсеткіші 7%-ға өсіп, жаңа туылған сәбилер саны 15%-ға артты. Жыл сайын 500 мыңға жуық әйел жүкті болып, олардың 99%-ы медицина қызметкерлерінің жіті бақылауында болады», – деді министр.

Серіктес жаңалықтары