Степногорскте тұрғындар жылусыз қалды

Қалпына келтіру жұмыстарын жою және үйлестіру үшін жедел штаб құрылды.

Степногорскте тұрғындар жылусыз қалды
Ашық дереккөз
1003

7 желтоқсанда Ақмола облысының Степногорск қаласында кварталішілік жылу магистралінде апаттық жағдай орын алды.

Соның салдарынан бірқатар көпқабатты үйлерге жылу беру тоқтатылды.

Қалпына келтіру жұмыстарын жою және үйлестіру үшін облыс әкімі М.Ахметжановтың төрағалығымен жедел штаб құрылды.

«Степногорск Теплотранзит» ЖШС мамандары апатты жою және азаматтардың үйлеріндегі жылуды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Қала тұрғындары қазіргі жағдайдан хабардар етілді.

Жақында жылу беру қалпына келтіріледі. Жағдай тұрақты және жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

Серіктес жаңалықтары