936
Шымкентте скутер ұрлаған жігіттер камераға түсіп қалған
Күдіктілер қала аумағында ұсталды.
Оңай жолмен ақша табуды ұйғарған екі дос түн ішінде скутер ұрламақ болған, деп хабарлады turkystan.kz.
Бірнеше сағаттың ішінде жас жігіттер екі скутерді ұрлап кеткен. Бейнекамералардан қауіптенген олар бастарына мотоциклге арналған шлем киіп алған.
«Шығын сомасы 1 миллион теңгеден асады. Жәбірленушілер бұл туралы полицияға арызданды», – делінген ІІМ-нің хабарламасында.
Күдіктілер қала аумағында ұсталды. Олар ұрланған мүлікті 250 мың теңгеге сатып жіберген.
Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, қылмыстық іс материалдарын сотқа жолдады.