Шымкентте қыс басталғанда қозықұйрық өсіп жатыр (ВИДЕО)

Шымкент тұрғыны қозықұйрық өсіп тұрған жерді видеоға түсіріп, желіде жариялады.

Шымкентте қыс басталғанда қозықұйрық өсіп жатыр (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Шымкентте желтоқсан айында қозықұйрық өсіп жатыр. Бұл туралы Уәли Қыдыр есімді тұрғын Facebook-тегі парақшасында айтты, деп жазды turkystan.kz.

Ол қозықұйрық өсіп тұрған жерді видеоға түсіріп, желіде жариялады. Онда адамдардың қозықұйрық теріп жатқанын көруге болады.

«Бағбанды алып келіп жерді көрсетейін десек, мына жерге қозықұйрық өсіп кетіпті», - дейді видео авторы.