Астанада таэквондодан VI жазғы спартакиада жеңімпаздары белгілі болды

Астана қаласының таэквондошылары VI Жазғы спартакиаданы бір күміс үш қола медальмен, жалпы есепте 11-орынмен аяқтады.

Астанада таэквондодан VI жазғы спартакиада жеңімпаздары белгілі болды
Фото: gov.kz

Астана қаласында таэквондодан (WT) ҚР VI Жазғы спартакиадасының жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, турнирде еліміздің 16 облыс және 3 қаласынан 189 спортшы 16 салмақта бақ сынады. Жарыста ерлер мен әйелдер 8 салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Нәтижесінде, Астана қаласының таэквондошылары VI Жазғы спартакиаданы бір күміс үш қола медальмен, жалпы есепте 11-орынмен аяқтады.

Айта кетерлігі, елімізде 4 жылда бір мәрте ұйымдастырылатын жазғы Спартакиадада барлығы 27 спорт түрінен 4000-ға жуық спортшы бақ сынады. Бұл қатарда Астана қаласы Қазақстан Жазғы cпартакиадасының бокс, дзюдо және таэквондо сынды түрлерін өз төрінде қабылдады.