UFC-ден кеткеннен кейін: Жалғас Жұмағұловтың алғашқы жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой мансабындағы он бесінші жеңісіне қол жеткізді.

UFC-ден кеткеннен кейін: Жалғас Жұмағұловтың алғашқы жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
Фото: sports.kz

Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza FC 55 турнирінде (14-9) өнер көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл Жұмағұловтың әлемдегі ең ірі промоушен UFC-ден кеткеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегі болды. Жалғас жапондық Масато Накамурамен (9-7) жұдырықтасты. Жекпе-жек бірінші раундтың екінші минутында техникалық нокаутпен, қазақстандықтың жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой мансабындағы он бесінші жеңісіне қол жеткізсе, Масато Накамура сегізінші рет жеңіліске ұшырады.

Еске сала кетейік, бастапқыда Жұмағұлов Naiza FC 55 турнирінде бразилиялық Яго Рибейромен (12-3) кездесуі керек еді. Бірақ ол жарақатына байланысты турнирге қатыспады.