Қазақстандық бапкер Игорь Прохницкий Ресейдің бірінші лигасында өнер көрсететін, Саратов қаласында жаттығатын «Сокол» командасын жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
60 жастағы Прохницкий әр жылдары жас футболшыларды, атап айтсақ, «Ақтөбенің» жастар командасын және «Ақтөбе-Жас» клубын жаттықтырған. 2012 жылы U17 Қазақстан құрамасы аға бапкерінің көмекшісі, 2013-2014 жыдары ақтаулық «Каспий» клубының бас бапкері болып жұмыс істеген. Ол 2023 жылғы маусымда Бірінші лигада 4-орынға табан тіреген оралдық «Ақжайық» клубын жаттықтырған болатын.
«Сокол» командасы қазір Бірінші дивизионда турнирлік кестеде 16-орында тұр.