«Барыс» сырт алаңда «Авангардтан» ойсырай ұтылды

Бұл кездесуде 5:1 есебімен «Авангард» жеңіске жетті.

«Барыс» сырт алаңда «Авангардтан» ойсырай ұтылды
Фото: hcbarys.kz

Омбыда 2023-2024 жылғы маусымдағы ҚХЛ матчы аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Авангард» өз алаңында «Барысты» қабылдаған болатын. Кездесу 5:1 есебімен «Авангардтың» жеңісімен аяқталды.

«Авангард» (Омбы, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 5:1 (2:0, 0:1, 3:0)

Шайба соққандар:
1:0 — 02:42 Игумнов (Венгрыжановский).
2:0 — 12:56 Филатьев (Ткачев, Спунер). 
2:1 — 24:38 Рымарев (Нұоғалиев, Хенкель). 
3:1 — 41:19 Шарипзянов (Спунер, Телегин). 
4:1 — 51:34 Николишин (Гераськин). 
5:1 — 54:38 Чистяков (Пьянов, Ткачев).

Қақпашылар: Мишуров — Шутов