Екібастұзда 4-қабаттан құлаған ер адам көз жұмды

Полиция тергеуді бастады.

Екібастұзда 4-қабаттан құлаған ер адам көз жұмды
ашық дереккөз

Павлодар облысында ер адам 4-қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының дерегінше, полиция тергеуді бастады.

Облыстық жедел жәрдем стансасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 желтоқсанда сағат 22:16-да жоғарыдан құлау фактісі туралы шақырту түсті. Медициналық топ оқиға орнына бес минутта жеткен. 

«44 жастағы ер адам өмірмен сәйкес келмейтін жарақат алу  салдарынан қаза тапқан», – деді стансада.

Екібастұз қаласының Полиция басқармасында аталған факті тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.