Қазақстандықтар қандай әлеуметтік желіде көбірек уақыт өткізеді?

Жыл бойы Pinterest, YouTube және Facebook көш бастап келеді.

Қазақстандықтар қандай әлеуметтік желіде көбірек уақыт өткізеді?
Сурет: Reuters
1283

Биылғы қазанның қорытындысы бойынша, еліміздегі ең танымал әлеуметтік желі Pinterest пен YouTube болды, олардың үлесі тиісінше 28,1% және 20,64% болды. Одан кейінгі орындарда Facebook (18,1%), Instagram (10,16%) және Twitter (9,82%) тұр. Ресейдің ВКонтакте әлеуметтік желісі де айтарлықтай үлес алды (8,65%). Бұл туралы finprom.kz зерттеуінде айтылған

Айта кету керек, жыл бойы Pinterest, YouTube және Facebook көш бастап келеді. Тек 2023 жылғы қыркүйекте өзгеріс байқалып,ВКонтакте (24,95%) және Instagram (23,2%) желілері алға шықты.

Қазанда Pinterest компьютерлер мен ноутбуктерде (27,09%), сондай-ақ қазақстандықтардың ұялы телефондарында (28,45%) әлеуметтік медиа арасында танымалдығы бойынша көш бастады.

Бірақ планшеттерде ең танымал әлеуметтік медиа Facebook болды: 47,57%. Одан кейін – Pinterest: 20,39%.

Ал әлем бойынша ең танымал әлеуметтік медиа Facebook болып қалып отыр. Одан кейін Instagram (12,05%), Twitter (8,75%) және Pinterest (8,47%) тұр.

Серіктес жаңалықтары