Елордада бір түнде 63 жол-көлік оқиғасы болды

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы хабарлама жоқ.

Елордада бір түнде 63 жол-көлік оқиғасы болды
Gov.kz

Елордалық Полиция департаментінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығынан 4 желтоқсан күні кешкі сағат 20:00-ден 5 желтоқсанда таңғы 07:00-ге дейін Астана жолдарында 63 жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлады turkystan.kz Астана қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ешқандай хабарлама жоқ.

Полицейлер жүргізушілерден жолдарда аса сақ болуды, жылдамдықты қатаң сақтауды, кенет тежеуді жасамауды және қашықтықты сақтауды сұрайды.

«Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін сақтық танытуы қажет», - деп ескертті Астана қаласының Полиция департаменті.